Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Lexus мінген қыз бір топ адамды басып кетіп, 6 адам көз жұмды (фото)

Желіде жантүршігерлік апаттың видеосы жарияланды. Апат салдарынан 6 адам мерт болды. 

Оқиға 18 қазан күні Украинаның Харьков қаласында болған, деп хабарлайды РЕН ТВ

Жазбаны Facebook желісінде Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко жариялады.

20 жастағы бойжеткен Алена Зайцева Lexus көлігімен көшедегі бір топ адамды қағып кеткен. Соның салдарынан 6 адам қаза болып, 5 адам зардап шекті. Екі зардап шегушінің халі нашар. Апаттан жараланған жүкті әйел ессіз күйде жатыр. Кінәлі қыз ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

Lexus көлігінің бойжеткеннің әкесіне тиесілі екені белгілі болды. Ол бағдаршамның қызыл жанғанына қарамастан өте шығып, «Фольксваген» көлігіне соғылған. Қатты жылдамдықтан ұшып кетіп, тротуардағы бір топ адамды қаққан.

Дәл осы көліктің бұрын да бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, ереже бұзғаны белгілі болды.

Тағы да оқыңыз:

АҚШ-та ұшақ қала ортасына қонып, екі автокөлікпен соқтығысты (видео)

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Мұсылман әйел баласын көзінше отқа тастап өлтіргенін айтты

Талқылау