Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Леонардо Ди Каприо бойдақтық өмірімен қош айтыспақ

Шетелдік басылымдар танымал голливуд жұлдызы Леонардо ди Каприо мен модель Нина Агдалдың үйлену тойы туралы жарыса жазуда. Ал танымал зергерлік бұйым маркасының жарнамашылары тойға әзірленген алғашқы сыйлықтарды БАҚ құралдарына таратып үлгерді.

20160629_post_leo

Танымал француздық зергерлік үйінің дизайнерлері ғашықтарға сырты гаухар тастармен көмкерілген смартфондар сыйға тартпақ, деп хабарлады Дни.ру.

Ди Каприоға алтынмен жалатылған гаджет сыйланбақ. Оның корпусында мынадай жазу жазылады: L’Etat, c’est moi! (“Мемлекет – ол мен!”). Оның сүйіктісіне арналған смартфонның корпусы да тура сондай металдан жасалған, сондай-ақ, әсемдік пен балғындықты білдіретін лағыл раушан гүлімен көмкерілген.

Мұндай сәнді де бағалы гаджеттерді жасауға дизайнерлерді Ди Каприо басты рөлді сомдаған “Человек в железной маске” фильмі шабыттандырған. Онда голливуд секс-символы француз монархы Людовик XIV мен оның егіз бауырының рөлін сомдайды. Ал әйгілі «Мемлекет – ол мен!» тіркесі осы Людовик XIV-ке тиесілі.

Айта кетейік, Ди Каприо бір жылда екі рет өзінің жанкүйерлерін қайран қалдырды. Оның «Оскар» сыйлығын алатынына адамдар сенуден қалған еді. Десе де, актер биыл аталмыш сыйлыққа қол жеткізді. Елді дүрліктірген екінші жаңалығы – актердің үйленемін деп жар салуы. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, 41 жастағы Леонардо мен 24 жастағы Нина Агдалдың үйлену тойы 2017 жылдың көктемінде тойланбақ.

Айта кететін жайт, қалыңдық пен күйеужігіт неке қию рәсімінің өтетін жерін таңдап қойған. Салтанатты жиын Кариб теңізіндегі Сент-Барт аралында өтетін болады. Тек жыл оқиғасы болатын тойға шақырылған қонақтар өте аз. Лео мен Нина үйлену тойларына тек ең жақын деген жандарды шақырған. Күйеужігіт жақтан тойға оның «Титаник» фильміндегі сүйіктісі Кейт Уинслет, сондай-ақ, Люк Хаас, Тоби Магуайр сынды достары қатысатын болады.

Ди Каприо мен Агдалдың қарым-қатынасы өткен жылы жария болды. Нина мен Лео біраз уақыт бойы кездесіп жүргендерін елден жасырып келген. Алайда 2016 жылдың маусымында папарацци өкілдері жұлдызды жұптың сүйісіп тұрғандарын Малибу аралында суретке түсіріп алды.

Жіберіп алмаңыз: 

Мадонна Клинтон үшін дауыс бергендерге өзі оральді секс қызметін ұсынатынын айтты

Брэд Питт соққыға жығылған ұлымен кездесті

Алматы жастары Ninety One тобын қолдап ән салды (видео)

Қытайлық студент Қайрат Нұртас пен «Кеш You» тобының әндерін жатқа біледі (видео)

Талқылау