Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы “Алпамыс батыр” жырын жатқа оқып, жұртты қайран қалдырды (видео)

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы “Алпамыс батыр” жырын жатқа оқып, көрермендерді қайран қалдырды. Тележұлдыз ұлттық жобаны қолдау мақсатында аталған эстафетаға қатысып отырғанын жеткізді, деп жазады Stan.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы "Алпамыс батыр" жырын жатқа оқып, жұртты қайран қалдырды (видео)

Сұлтанқызы эстафетаны мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, атышулы “91” тобы мен әріптесі Алмас Алтайға жолдады.

Көрермендер тележүргізушінің есте сақтау қабілетіне қайран болып, эпосты оқығанына риза болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

“Жақсы екен, бірақ 91 тобының не қатысы бар?”, “Керемет эстафета”, “Ләйлә ханым, жұмысыңыз оңай емес, таңғаламын, есте сақтау қабілетіңіз жақсы екен”, – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау