Ләйлә Сұлтанқызы ағылшын тілінде кітап жазбақ

Жаһандық дизайнерлер сынды, енді Ләйлә Сұлтанқызы да өз есімін басқа мемлекеттерге мәшһүр етуге ниетті. Тележүргізуші  шетелдік баспа нарығында танылу үшін, ағылшын тілінде кітап шығаруды көздеп отыр. Мақсатым – қазақ әйелдерін әлемге әйгілеу дейді ол.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел» атты кітабының жарық көргеніне тура бір ай. Қазақ аруларының сан түрлі тағдырын негіз еткен дәл осы еңбегі, көпшіліктің қызығушылығын оятқан. Тележүргізушінің сөзінше, кітаптың сатылымы да жаман емес.

“Бір айдың ішінде, біз бес мың данамен шығарсақ, жартысына жуық өтті ғой деймін қателеспесем”, – дейді Сұлтанқызы.

Қазақ әйелінің бүгінгі қоғамдағы, жанұядағы, жеке басындағы мәселесін  жазған тележүргізуші, енді шет елдегі қаракөз қандастарымыз туралы қалам тартпақ. Бұл Ләйлә Сұлтанқызының келесі кітабының тақырыбы.

“Әр түрлі мемлекетте тұратын қазақ әйелдері бірі биік дәрежеде өзін көрсете алып жүр, енді бірінің жағдайы қиын. Жалпы сондай оқиғалардың басын қосып, ағылшын тілінде арнайы тек қана шетелдерге кітап қылып шығаратын ойым бар”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Бүгінде Сұлтанқызының әр күні тығыз кестеге түзілген жоспарлардан тұрады. Сұқбаттар, түсірілімдер, кездесулер. Мәселен Ләйлә, араға жиырма жыл салып өзі оқыған қара шаңыраққа келіп отыр.

“Он тоғыз-жиырма жылдан кейін келіп тұрмын. Мүлдем басқа, ешқандай қорқыныш та жоқ екен. Студенттерде кішкентай қыздар ғой, сол кездегі. Әсерім мүлде бөлек!” – дейді тележүргізуші.

Өзі оқыған оқу ордасына табан тіреген Сұлтанқызы кездесу барысында қарапайым студенттен танымал тележүргізушіге қалай айналғанын баяндап, сәттіліктің құпиясымен бөлісті.

Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев концертінде бидің түбін түсірмек

Әйгілі қазақ әншілеріне пародия жасаған Ерке Есмахан жұртты таңғалдырды (видео)

Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» бағдарламасын жүргізбейтін болды

Дәрігерлер Төреғалидің әнін тыңдаған жүкті әйелдердің толғағы жеңілдейтінін айтады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар