Латын әліпбиі жаппай енгізілмес бұрын мектептерде сынақтан өткізіледі

Сәрсенбі, 1 Қараша , 2017 11:30

Латын әліпбиі алдымен мектептер мен ЖОО да сынақтан өткізіледі. Бұл процесс 2025 жылға дейін созылуы мүмкін.

Фото: © Sputnik

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Астана арнасы.

Оның айтуынша, сөздіктер шығару, терминдер мен грамматиканы реттеу сынды қыруар шаруа күтіп тұр. Әліпбиді енгізудің өзі екі кезеңнен тұрады. Үкіметтік деңгейде комиссия құрылып, оның басқаруы мен жаңа орфографиялық ережелер жасақталады. Және осы ереже аясында әдебиеттер мен сөздіктер жарыққа шығады. Жаңа әліпбиге көшудің нақты бюджеті әлі белгіленген жоқ. Әйтсе де алғашқы жұмыстарға қанша қаражат қаралғанын Мәдениет және спорт министрі айтып берді.

“Бұл ауқымды жоба. Сондықтан үлкен қаржылық шығынды қажет етеді. Мәдениет және спорт министрлігінің бағыты бойынша 2018 жылға 56 млн теңгеге өтініш бердік”, – дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ақшаның негізгі бөлігі оқулықтар даярлауға жұмсалады деп жоспарланған. Тағы біраз қаржы мәдени мұраны сақтау мен сандық жүйеге өткізуге қаралмақ. Ал сынақтан өткізу қорытындысын сарапшылар қарап, мемлекеттік комиссияға ұсынады. Келер жылдан бастап даярлық сыныбының мұғалімдері жаңа әліпбиді қолдану бойынша арнайы оқытудан өткізіле бастайды.

Тағы да оқыңыз:

Атыраудағы 9-сынып оқушысы өзін талақ еткен діншіл күйеуі туралы айтып берді

ХҚКО қызметкері азаматтарға қатысты құпия құжаттарды банктегі танысының өтінішімен алғанын мойындады

Семейде 45 жастағы азамат пойыз келе жатқанда әдейілеп рельске басын қойған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар