Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы 9-сынып оқушысы өзін талақ еткен діншіл күйеуі туралы айтып берді

Елімізде теріс діни ағымды ұстанғандар оқушы қыздармен некелесіп, бірер айдан соң талақ айтып, тастап кету дерегі артқан. Атырауда, 9-сынып оқушысының өзі қалай алданғанынан және экс-жолдасының кім екенін айтып берді.

Бұл туралы “Еуразия Бірінші” арнасы хабарлайды.

Назираның жасы 15-те. Бесіктен белі шықпаған қыз жасырын түрде жігітпен некесін ұялы телефон арқылы қия салған. Ал құлай сүйген ер-азаматы қыздың қызығы таусылған соң талақ айтып, қош айтысыпты. Осылайша аузы күйген жасөспірім туған-туысқандарынан да ат құйрығын үзіп, безініпті.

“Анама айтудың, ол кісілердің куәгер болуының қажет жоқ деп айтты. Анама айтпай некемді қидырдым. Ешкімнің сөзіне құлақ асқан жоқпын. Кейін сабаққа баруды доғардым. Есім сол жігітте болды”, – дейді Нәзира.

Бұл Атыраудағы жалғыз ғана оқиға емес. Кәмелет жасқа толмаған тағы бір қаракөзіміз ислам дінін бүркеген жігітпен желі арқылы танысыпты. Екі ай бойы “виртуалды махаббат” үлкен сезімге айналды деп ойлаған оқушы қыз, еш ойланбастан неке қиюға келісе салыпты. Ал 39 жасар ер азамат  дінсіз тірлігін жасаған соң, ізім-ғайым жоғалыпты.

“Жасырын келіп, қызды жасырын бір базарға апарып, Атырауда Дина талдау орталығына барып, неке рәсімін қияды. Неке қиғаннан кейін сол жігіт Атырау қаласына бір қонақ үйін екі күнге жалдап, қыз-бала ата-анасына айтпай, жасырып неке қиғаның, екі күн сол азаматпен болады екен. Таңертең мектепке кеткендей болады да, кешке дым болмағандай жүр”, – дейді Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев.

Дін атын жамылғандардың тым еркінсіп кеткені соншалықты некені де ойыншыққа айналдырған. Оны діністер агенттігі басқармасы да растап отыр. Мәселен жуырда ғана, теріс ағымды ұстанатын отбасының өзі  кәмелет жасқа толмаған қызын келісімінсіз достарына табыстай салыпты. Ал күрмеуі көп мәселені қоғамға ашық айтуға көбісі келісі бермейді дейді мамандар. Сол себепті, көбі жабулы қазан күйінде қалады.

“Өздері сол деструктивті діни ағымды ұстанатын жанұя екен. Ал өздері араласып жүрген діни азаматына, бауырына өзінің 11-сынып оқушысын күйеуге ұзатады. Осы біздің дін істер басқармасына да өте көп жағдаймен ата-аналар келіп тұрады”, – дейді Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев.

Биыл өңірдегі радикалды теріс ағымдарға арбалғандарды райынан қайтару жұмыстары кеңінен қолға алынған. Мамандар теріс ағымнның жетегінде кеткен қыз-келіншектермен ашық әңгімелесіп, жан-жақтан көмек беруге тырысуда. Нәтижесінде нәзік жандардың көзқарасы өзгеріп, ханафи мәзхабын қабылдапты.

“Бір үйге барып тығылып, ешкімге айтпай оны жарияламаған неке жүрмейді. Ол үлкен күнә! Қылмысқа барды қазақша айтқанда. Міні үрімдей қарындасымыздың, өкінішке орай, тағдыры былғанып кетіп жатыр”, – дейді Атырау орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров.

Еліміздегі салафизм ағымын ұстанушылардың саны  15 мыңға жеткен. Бұл ресми мәлімет. Сандардың одан да көп көп болуы да ықтимал. Ал ең өкініштісі, теріс ағымды арбалағандардың қатарында қаракөз қыздарымыздың саны жыл сайын еселенуде.


Жіберіп алмаңыз:

98 жастағы әйел 80 жастағы ұлының қасында болу үшін қарттар үйіне көшіп барды

Нью-Йорктегі қанды оқиғадан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Қазақстанның шұрық-тесік жолдары күллі әлемге танымал болды

Бишімбаев соттан қылмыстық істі тоқтатуды талап етті

Талқылау