Лаңкестердің қолынан қаза тапқан Берікжан Қалиев жер қойнына тапсырылды (фото)

Сәрсенбі, 8 Маусым , 2016 17:40

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Жəнібек ауданы Жақсыбай ауылының тұрғындары Ақтөбе қаласындағы лаңкестік оқиға барысында қаза тапқан 6655-ші әскери бөлімінде келісімшарт негізінде қызмет атқарған, кіші сержант Берікжан Қалиевті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды BNews.kz.

марқұм1

Отан тыныштығын қорғау жолында жанын қиған батыр ұлмен қоштасу рəсіміне өңір басшысы Алтай Көлгінов арнайы келіп, марқұмның анасы Гүлжиянға, жұбайы Нұрсұлуға жəне тума-туыстарына көңіл айтты.

«Берікжанды сіздер тәрбиелеп өсірдіңіздер, осы жерден түлеп ұшты. Ел басына сын сағаты туғанда, Отанды ердің ері ғана қорғайды. Ұлыңыздың ерлігі ел есінде қалады. Қайғыңызға ортақтаса отырып, сізбен бірге екендігімізді айтқым келеді. Отбасыңызға қолдан келген көмектің барлығын көрсетеміз. Болған іске болаттай берік болып, сабырлылық танытыңыз. Қылмыскерлер жауапсыз қалмайды, тиісті жазасын алады», – деп көңіл айтты Алтай Сейдірұлы.

марқұм2

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұммен қоштасуға арналған қаралы митинг ауылдық клубта өткізілді. Бұл қайғылы жағдайдың барша Қазақстан халқы үшін ауыр тигенін атап өткен облыс басшысы өмірінің соңына дейін қасиетті борышын лайықты өтеген Берікжанның есімі Отан алдындағы қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан батыр ретінде тарихта қалатынын жеткізді.

Сондай-ақ қаралы жиынға ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы штаб бастығының орынбасары, полковник Мейіржан Мұхамбетқалиев,  ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Әскери дайындық жөніндегі басқармасының басшысы, полковник Тұрсын Дүйсемалиев, ҚР Ұлттық Ұланның 6655-ші әскери бөлімі бастығының тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Бақберген Әнешевтер қатысты.

марқұм3

Қаскөйлер қолынан қаза тапқан марқұмның жаназасын облыстық мешіттің бас имамы Руслан Сұлтанов шығарды.

марқұм

Қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау жолында шейіт болған ердің артында жұбайы, төрт баласы қалды.


 

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеліктер лаңкестердің қолынан қаза тапқандарды ақтық сапарға шығарып салды

Назарбаев: Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет

Елбасы 9 маусымды ұлттық аза тұту күні деп жариялады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар