Назарбаев: Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет

Сәрсенбі, 8 Маусым , 2016 17:13

Қазақстан экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарды қайта қарап, бұл құбылысқа қатаң тойтарыс беру жайын ойластыруы керек. Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға қатысты қазақстандықтарға жасаған мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

тероршылар

«Тәуелсіздікті жариялау бар, ал оны қорғап, нығайту және дамыту одан да жауапты іс. Ел бірлігі, ішкі тыныштық сол үшін керек. Мен мұны ылғи айтып келемін. Ел ішіне бүлік салудың, «түсті революциялардың» талайын басқа елдерден көріп, біліп отырмыз. Ол лаңкестік әрекеттерден, көшеге шығып шулаудан басталады. Одан конституцияға қарсы шығады да, аяғында мемлекет күйреп, халық аш-жалаңаш қалады. Мұның бәрін біз көріп, біліп, байқап отырмыз», – деп атап өтті Елбасы.

Біріншіден, Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, еліміз кез-келген сипаттағы экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарды қайта қарап, бұл құбылысқа қатаң тойтарыс беру жайын ойластыруы керек.

«Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет. Екіншіден, елдігімізге сына қағатын зұлымдықтардың ымырасыз жолын кесуіміз қажет. Ел тыныштығын сақтамасақ мынадай әлемдік дағдарыстан өте алмаймыз. Сондықтан барша халық болып бірігіп, елді сақтауды ойлауымыз керек», – түйіндеді Елбасы.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев
  • Темиржан says:

    Осы жақында ғана Елбасымыз терроризм мәселесін қозғаған болатын, бұл әлемдік проблема

  • Перизат says:

    В данной ситуации все мы должны проявлять содействие правоохранительным органам и относиться с пониманием

  • Дамира says:

    Экономикамызға кері әсерін тигізбесе екен деймін, себебі террористер мен экстремистер бар жерде даму жоқ құлдырау бар, сондықтан Елбасымыздың айтқанымен толық келісемін

  • Олжас says:

    В стране ситуация стабильная, поэтому нет повода для паники

  • Жұмбақ жан says:

    Бірінші Жана Озенде қолына қару ұстап адам өлтіргендерді кайтеміз

  • Жұмбақ жан says:

    Жана озенде ок аткандар али жазаланган жок

  • Жұмбақ жан says:

    Булик салу тек жогарыдагы шенеуликтер или соларды карап отырган рекеттер деп билемин!

  • Жұмбақ жан says:

    Дурыс ол жауыздардын ата- анасын да жазалау керек.отбасын да косып. Улдары сакалларын бей-берекет жыберып.кыздары солендетып ултымызда жок киым кие бастаганда отбасы болып аландаулары керек. Олар да кылмыскерш

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар