Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лаңкестер ұрлап кеткен әйел он жылдан кейін құтқарылды

Нигерия әскері жүкті әйел мен оның үш баласын лаңкестер ұрлап кеткеннен кейін он жылдан соң аман-есен құтқарып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: The Guirdan 

Лидия Саймон Чибок қаласынан 150 шақырым жерде орналасқан Гвоза муниципалитетінен табылды. Аталған жерден "Боко Харам" содырлары 2014 жылдың сәуірінде 276 оқушы қызды ұрлап кеткен. Олардың 82-сі із-түзсіз жоғалып кеткен. Әйелді құтқарудың егжей-тегжейлері айтылмады.

“Біз Саймонның бес айлық жүкті екенін ғана білеміз. Тұтқында жүргенде әйел еркінен тыс үш баланы дүниеге әкелген. Қазір балалар екі мен төрт жастың арасында”, – деді әскерилер.

Чибок қаласындағы ұрлық әлемді дүр сілкіндірді. Аталған оқиға #ҚыздарымыздыҚайтарыңыздар деген ғаламдық әлеуметтік медиа науқанының басталуына себеп болды. Кейінгі он жылда ұрланған қыздардың көбі үйлеріне оралды.

57 тұтқын ұрланған жүк көліктерінен секіру арқылы, ұрланған соң бірнеше сағатта қашып кеткен. 2017 жылдың мамыр айында үкімет миллион доллар төлем төлегеннен кейін тағы 82 қыз босатылды. Кейінгі жылдары елге оралғандардың көбін содырлар орманға тастап кеткен. 

"Боко Харам" — 2002 жылы Мұхаммед Юсуф құрған нигериялық исламшыл лаңкестік ұйым. Оны құрудағы басты мақсат Нигерияда шариғат заңдарын енгізу және батыстық өмір салтын жою. 

Айта кетейік, бұған дейін Педофилдер мен лаңкестердің Қазақстанға кіруіне тыйым салатын заң мәжіліске қайтарылғаны туралы жазған едік. Сенат депутаттары көші-қон саласындағы заң актілеріне жекелеген өзгерістер енгізу үшін заңды мәжіліске қайтарды. Негізгі түзетулер қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өзгерістерге байланысты болмақ.

Талқылау