Күлекбаев сотта соңғы сөзін айтты (видео)

Бейсенбі, 27 Қазан , 2016 16:31

Бүгін Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты ашық сот талқылауының төртінші күні өтіп жатыр.

20161017112828

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жарқынбек Бақашбаев Күлекбаевқа өлім жазасын сұраған болатын. Сот талқылауының 4-ші күніндегі жарыссөзде сөз сөйлеген Күлекбаев қандай жазаға болсын көнетінін айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Күлекбаев өз сөзінде діни уағыз айта бастап еді Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов оны тоқтатып тастады.

«Мен не үшін жасағанымды айтайын? Жасаған ісімді мойындаймын. Мен бұл қылмысты, сіздер аға-бауырларыңыз, балаларыңыз қаза тапқанын айтып отырсыздар ғой. Олар да менің «сестраларымды», «бауырларымды» Аллаһтың заңынсыз қинаған, әділетсіз соттап, семьясынан бөліп тастады. Мен сол себептен осыны жасадым», – деді Күлекбаев.

Осы сөзінен кейін судья Болатов оны тағыда тоқтатты. «Сіз мұнда уағыз айтпаңыз», -деді ол.

«Маған қандай жаза қолданып жатыр, өлім жазасы болсын, мәңгілік отырғызу жазасы болсын иншаллаһ сабыр етемін. Маған қолданған заң әсер етпейді. Аллаһ жаратқан шыбын шақса әсер етеді, қалғаны сөз», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар