Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызын сағынған Санжар Мәдиев оған арнап ән салды (видео)

Санжар Мәдиев жуырда Ресейдегі түсірілім жұмыстарынан оралды. Ол дәл қазір отбасымен бірге Дубайда демалып жатыр. Актер шетелде жүріп қызын қатты сағынса керек, оған махаббатының дәлелі ретінде ән айтып берді. Ал актердің бұл қырын білмеген желі қолданушылары оның әнін ерекше ықыласпен тыңдағандарын айтып жатыр. Арасында альбом жазуға кеңес бергендер де болды.

image

Фото: instagram.com/sanjar.madi/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Тамыз айында Санжар мен Мөлдір Мәдиевтер тұңғыштарын қырқынан шығарған болатын. Осыдан кейін актер Ресей еліне жол тартып, жаңа фильмнің түсірілім жұмыстарына кірісіп кетеді. Актер бірнеше апта бойы көрмеген қызын сағынып қалса керек. Бірнеше күн бұрын оған арнап әйгілі “BackStreetBoys” тобының әнін айтып берді.

“Жуырда қызыма “BackStreetBoys” тобының әнін айтып берген болатынмын. Енді міне бұл өнеріммен өздеріңізбен бөлісуді жөн көріп отырмын. Шама-шарқым келгенше орындадым”, – дейді Санжар Мәдиев.

“Неткен керемет жансыз. Коми Конге кел десе, бар жұмысыңызды шетке ысырып келесіз, сигн жаса десе, оны да жасайсыз, енді ән салып беріңізші деп едік – бұл тілегімізді де орындадыңыз. Құрметім шексіз. Бізді еркелетіп жіберетін болдыңыз ғой”, “Сіз сондай сымбаттысыз, ал даусыңыз керемет”, “Тілегімізді орындаған екенсіз ғой. Жаныңызбен беріліп айтқан әніңіз үшін рахмет!”, “Даусыңыздың тембрі жақсы, сол себепті қызыңызға көбірек ән айтып тұрыңыз” “Сіздің даусыңыз мұндай керемет деп ойламаппын. Ұнады. Альбом жазатын да уақыт келіп қалған сияқты” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Санжар Мәдиев: Депутаттардың өздерін саудаға салу керек

Әсел Сәдуақасова Санжар Мәдиевті айналдырып алды

Санжар Мәдиев Голливуд сахнасында ессіз ақынның рөлін сомдады

Санжар Мәдиев «Защитники» фильмінде желге айналып кететін суперқаһарманның образын сомдады (фото, видео)

Талқылау