Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санжар Мәдиев Голливуд сахнасында ессіз ақынның рөлін сомдады

Халықаралық сайыста жеңіске жеткен Санжар Мәдиев Голливудқа жолдама алып, қазір актерлік шеберлігін шетелдік мамандармен бірге шыңдап жатыр. Актер инстаграмдағы парақшасында жаңалықтарымен бөлісіп қана қоймай, ессіз ақынның рөлін сомдап жатқан қойылымнан үзінді көрсетті.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Санжар Мәдиев халықаралық Hollywood Immersive 2016 сайысының финалисі атанып, Голливудқа барған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айында басталған сайысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 5000 адам қатысқан еді. Сайыс шартына сәйкес, 15 финалист Лос-Анджелесте Hollywood Immersive бағдарламасы аясында актерлік шеберлік сабағын алады деп келісілген. Сайыс нәтижесі бойынша, қазақстандық Санжар Мәдиев үздіктердің үздігі атанып, жолдама алды.

Джон Патрик Шэнлидің “Итало-америкалық келісім” пьесасындағы ессіз ақынның рөлін сомдаған сәті.

9

Hollywood Immersive негізін салушы Лили Доусон Санжар туралы “Санжар өте талантты актер әрі сырт келбеті тартымды. Мұны бізге жолдаған алғашқы видеосынан-ақ байқаған болатынбыз. Ал негізі жұмысын көрген кезде, сайыста бәсекенің мықты болғанына қарамастан, оның жеңіске қол жеткізетінін сездік. Голливудқа келіп, бізге қосылуын асыға күтіп отырмыз!” деп пікір білдірген болатын.

Санжар “Обратная сторона”, “Сказ о розовом зайце”, “Елки 2”, “Ход конем”, “Сердце мое – Астана”  фильмдер мен “Марко Поло” телехикаясына түсіп үлгерген. Еліміздің ең әдемі жігіттер қатарынан табылатын актері Мөлдір Мәдиеваға үйленген болатын.

Талқылау