Қызылордада жас жігіт 20 мың теңге үшін таксисті өлтіріп кетті
Қызылордалық жігіт таксисті өлтіріп, ізін жасыру үшін көлікті мәйітпен бірге өртеп жіберген.

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
25 жастағы жігіт компьютерлік клубта ойын ойнап шығып, таксиге тапсырыс береді. Ол жүргізушіде 20 мың теңгеге қайтарым ақшасы болуы керек екенін ескертеді. Көлікке мінген соң үш сағаттай қаланы аралайды. Кейіннен пистолетпен жүргізушіге екі рет оқ атып өлтіреді. Кейіннен ақшасын алып, ізін жасыру үшін көлікті өртеп жібереді.
Сот қылмыскерді 15 жылға бас бостандығынан айырды.
Инна Бекеева
Тағы да оқыңыз:
Ақмола облысында ірі жол апатынан 3 адам көз жұмды
Астаналық жас тоқал көңілдесінің министрлікте лауазымды қызмет атқаратын айтты
"Марғаулар азаппен өліп жатыр": Астанада 80-ге жуық адамға ауру мысық сатқан әйел қылмыстық іс қозғалса да әлі ісін жалғастырып келеді
Өлген мысықтардың саны ондаған мыңға жеткен
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді