Ақмола облысында ірі жол апатынан 3 адам көз жұмды

Дүйсенбі, 17 Шілде , 2017 16:06

Ақмола облысында трактор мен “ГАЗель” соқтығысып, 3 адам қаза тапты.

860cf5906c6a4ab197b0e3f4c70850b5

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Ақмола облысында трактор мен “ГАЗель” соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тапты, 9 адам зардап шекті. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінен.

Жол апаты 16 шілде күні таңертең Атбасар-Державинск тас жолының 85-шақырымында Қима елді мекенінен 10 шақырым жерде болды.

“Газель автокөлігінің жүргізушісі, 1967 жылы туған Арқалық қаласының тұрғыны жылдамдықты сақтамай, МТЗ-80 тракторымен соқтығысады. Газель трактордың шөп тиелген тіркемесін соққан. Апат салдарынан 1964 жылы туған әйел мен 1960 және 1951 жылғы екі ер адам қаза тапты”, — деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ, 9 адам зардап шеккен, оның ішінде 8 жасар бала бар. “Газелдің” ішінде Арқалық және Қостанай облысы Жангелді ауданының тұрғындары болған.

“Жол апаты фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр”, — деді ішкі істер департаментіндегілер.

Тағы да оқыңыз:

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар