Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада ЭКО -дан көңілі қалған келіншек қазақы ырымның арқасында құрсақ көтерді

Қызылорда қаласының тұрғыны Жайна Әзiмхан (есiмi өзгертiдеген) редакциямызға хабарласып өзiнiң басынан өткен жағдайды баяндап бердi. Осыдан 12 жыл бұрын отбасын құрған келiншек көп уақыт бойы бала көтере алмай қиналған.

жүкті

Дәрiгерлерге қаралып, тіптi ЭКО әдiсiне жүгiнсе де ана болу арманы жүзеге аспаған,-деп жазды Stan.kz  сайтының өңірдегі тілшісі.

“Күйеуiм екеумiз де жұмыс істейміз. Тұрақты табысымыз, пәтерiмiз бен жақсы көлiгiмiз болды. Бiрақ бала көтере алмай қиналдым. Дәрiгерлер денсаулығымыздан кемшiлiк таппады”, – деп есiне алады Жайна.

Жайнаны жақындары қолдап, демеп отырған. Кейiннен күйеуінің әпкелері араға түсiп, інілеріне тоқал алып беру керектiгiн айта бастапты.

“Бұл әңгiменi естiгенiмде төбемнен жай түскендей болды. Әлбетте күйеуiм қарсы болды. Енем де қолдамады. Бiзге жаңа туған сәбидi асырап алыңдар деп кеңес бердi”, – дедi Жайна.

Мұнан соң жас отбасы қыз баланы асырап алған. Бүгiнде оның жасы 6-дан асып қалыпты.Келіншек өз есімін жасыруының бірден бір себебі осы деп түсіндірді.  Себебі, Аңсаған отбасында асыранды бала екенін білмейді.

“Қызымыздың есiмiн Аңсаған деп қойдық. Күйеуiм екеумiз қатты жақсы көремiз. Өмiрiмiздiң мәнiне айналды. Бiрақ мен iштей өзiм бала көтерудi армандап жүрдiм”,- дейдi келiншек.

Қызылордада туғандықтан Жайна қазақы ырымдарды жақсы бiлiп өскенiн айтады. Бiрақ ырымға сене бермейтiнiн жасырмайды.

“Күйеуімнің қарындасы баласын сүндеттейтiн болды. Жыныс мүшесiнiң кесiлген жерiн сұрап алдым. Аллаға сиынып, нанмен қосып жедiм. Мұны күйеуімнің қарындасы екеуміз келісе отырып істедік. Ол жас болса да 3 баланы дүниеге әкелген. Маған ырымдап iш киiмiн де бердi. Тастамай киiп жүрдiм”,- дейдi Жайна.

Қазiр Жайнаның аяғы ауыр. Iшiндегi бала 6 айлық. Қуанышында шек болмай жүрген келiншек қазақтың ырым-нанымына сенуге шақырады. ЭКО-ға бар жиғанын салғанымен келіншектің құрсағына салынған бала шетінеп кеткен. Жайна балалы болуды зарыға күтіп жүргендердің көп екенін, олардың жан күйзелісін түсінгендіктен өз тәжірибесімен бөлісуді жөн көрген.

«Әрине он жылдан кейін құрсақ көтеру менің орындалған ең үлкен арманымның бірі. Отбасымызды шынайы бақытқа бөлеген зор қуаныш. Менің басымдағы жағдайда жүргендерге пайдасы тиіп қалар деген үмітпен айтып отырмын. Өзім басында ырым дегенге сенбеуші едім. Сонда да жаратқанның бұйыртқаны деп білем. Тек амалын жасап, әрекетімді, бар мүмкіндікті пайдаландым»,-дейді болашақ ана.

Оқи отырыңыз:

Ұлдарына еден жуғызған Қыдырәлі Болманов желідегілерді таңғалдырды (видео)

Қарақат Әбілдина қызына “бесікке бөлеу” рәсімін өткізді (фото)

Бибігүл Төлегенова: Қазақ жігіттері байыса, 4-5 бала туған әйелін керек қылмайды

Жан Ахмадиев: Анамның айықпас дертке шалдығуына тек шындықты сүйетін өзімді кінәлаймын

Димаштың Астанадағы концертінде қандай әлем жұлдыздарының ән салатыны белгілі болды

Талқылау