Қызылордада терезеге ілінген көк туға қатысты жоғары сот шешім шығарды

Қызылордада мемлекеттік туды терезесіне іліп қойған тұрғынның әрекетінен заң бұзушылық табылмады.  Қызылорда тұрғынына туды перденің орнына терезеге ілгені үшін айыппұл салмақ болған еді. Ол жоғары сотқа шағымданды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Қызылор учаскелік инпекторы өткен жылдың қазанында қала тұрғыны Сұлтан Тұмашыновтың пәтерінің терезесіне ту іліп қойғанын көріп, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырған.

Полиция мемлекеттік туды заңсыз пайдаланғаны үшін ер адамға 200 АЕК (450 мың теңгеден астам) айыппұл салады. Бұған келіспеген Тұмашынов сотқа шағымданды.

Алайда Қызылорданың мамандандырылған әкімшілік соты шағымды қанағаттандырмаған. Әбден ашынған қала тұрғыны Бас прокуратураға жүгінеді. Осыдан кейін бас прокуратура Жоғарғы сотқа кассациялық наразылық енгізген.

“Наразылықта мемлекеттік тудың тұрғын үйде пайдалануы заңға қайшы келмейтіні атап көрсетілген және іс материалдарында Тұмашиновтың мемлекеттік атрибутиканы ұлттық стандарт талаптарын бұза отырып пайдаланғаны туралы мәліметтер жоқ. Матаның тиісті сараптамасы жүргізілмеген, стандарттау мен метрология қызметтерінің қорытындысы жоқ”, — делінген хабарламада.

Жоғарғы соттың мамандандырылған сот алқасы істі қарап, Тұмашыновтың әрекетінен әкімшілік құқықбұзушылық белгілерін байқамады. Осыған байланысты аталған іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Жоғарғы сот азаматтардың мемлекеттік рәміздер мен атрибутиканы пайдалануына қатысты тиісті ереже әзірлеу қажеттігі туралы үкіметке хат жолдады.

Тағы оқыңыз:

Таразда кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің 79 том қылмыстық ісі қаралады

Қазақстанда атеистердің сенімін қорлағандарға айыппұл салынуы мүмкін

Еліміздегі рақымшылық тек шенеуніктерге арналған ба? 

Кабулда қаза тапқан қазақ жігітінің ата-анасын алдаған алаяқ ұсталды 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар