Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кабулда қаза тапқан қазақ жігітінің ата-анасын алдаған алаяқ ұсталды

Ауғаныстандағы теракт кезінде қаза болған жігіттің отбасын алдаған алаяққа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

«Қылмыскердің аты-жөні бірден анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс құжаттары Алмалы ауданының ішкі істер басқармасында», – деп түсіндірді ішкі істер департаменті.

Сонда-ақ, күдіктіге қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Оның алаяқтықпен айналысқан істері жария болуда.

Айта кетейік, 21 қаңтарда Астаналық кәсіпкер Ерлан Жампеисов жұмыс барысымен Ауғанстанға барған. Ол Кабулдағы қонақүйге жасалған теракт кезінде қаза болды. Сотталушы жерлесіміздің мәйітін елге акелуге көмектуге 500 мың теңге алып, ізін суытқан. Жампеисов 27 қаңтарда өз жерінде жерленді.

Жіберіп алмаңыз:

Өскемендік әйел өзіне жақсылық жасаған басшысының үйін тонап кеткен  

Көлік жүргізушілері айыппұлды уақытылы төлей алмай жүр 

2018 жылы Қазақстанда 600 ірі кәсіпорын қызметкерлер санын қысқартпақ 

Қарағандылық қыздың өліміне 14 жасар құрдасы кінәлі болуы мүмкін 

 

Талқылау