Қызылордада такси жүргізушісі клиентінің 10 мың теңгесін жыртып, өзін жұлқылаған

Жұма, 28 Сәуір , 2017 11:00

Қызылордалық такси жүргізушісі сұрағанын ақысын қайтарымсыз төлей қоймаған клиентіне ашуланып, жас қыздың 10000 мың теңгелік бүтін ақшасын жыртып тастады,-деп жазды өңірдегі Stan.kz тілшісі.

taxi

Бұл туралы бiздiң сайтымыздың редакциясына Қызылорда қаласының 20 жаста тұрғыны айтып бердi. Айдана есiмдi бойжеткен көпшiлiкке ашулы шопырлардан сақ болу қажет екенiн ескертті. Мүмкіндік болса такси ұстаған кезде алдын ала төлейтін ақшаны дайындап қою керек екен дейді бойжеткен.

“Таңертең ұйықтап қалған соң, жұмысқа жылдам жету үшін такси тоқтатуыма тура келдi. Тасбөгет кентiнен қала орталығына жету үшiн 600 теңгеге шопырмен келiстiм. Әмиянымда майда ақша бар деп ойлағанмын”, – дейдi Айдана.

Алайда, межелi жерге жеткенде бойжеткен әмиянында тек iрi ақша бар екенiн көредi.

“Шопырға 10 мың теңгенi ұсынғанымда ұрыса жөнелдi. Аузына келген былапыт сөздердi айтып, намысыма тидi. Жағдай ушығып бара жатқан соң, жақын маңдағы дүкенге жүгiрдiм. Бiрақ сатушы майдалап бермедi”, – деген Айдана көз жасына ерiк бердi.

Қайта көлiкке келiп отыра бергенiнде шопыр қолындағы ақшасын жұлып алып, майдалап жыртып, өзiн машинадан жұлқылап шығарып жiберiптi.

“Денсаулығында кемістігі бар ма деп ойладым. Көздері шатынап, дірілдеп кетті. Оның түрін көріп шошып, не істерімді білмей қалдым. Әйтеуір соққыға жықпағанына шүкiршiлiк еттiм. Құқық қорғау органдарына шағым жасамаймын. Айып өзiмнен бар екенiн түсiнемiн. Оның үстiне көлiгiнiң нөмерiн жаттап үлгерген жоқпын. Желге ұшқан ақшамды аяймын. Несие төлейтiн қаражатым едi” , – дейдi Айдана.

Келеңсiз жағдайға тап болған бойжеткен ендi майда ақшасы болғанда ғана таксиге мiнетiнiн айтады. Одан қалса арнайы орталықтар ұсынатын такси қызметін пайдалану дұрыс деп шешкен. Көпшiлiкке де сондай кеңес бередi.

Оқи отырыңыз:

Алматыда таксиші жапониялық турист қалдырып кеткен iPhone мен төлем картасын қайтарып берді

Жолаушы көлікте қалған ақшасын қайтарғаны үшін таксиске үй мен көлік алып берген

Астаналық азамат отбасынан адасып құлдықта болған ер адамды туыстарымен табыстырды

Шашын қызылға бояп, шарап ішетін енелер кімге үлгі болмақ?

БҚО-да байлаулы тұрған ит босанып кетіп қойға шапты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар