Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында ер адам той үстінде досын пышақтап өлтірді

Қазалыда 37 жастағы Мұратбек Жұмахметов той үстінде болған жандалдан соң көз жұмды.

Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізіліп, 15 күннен соң көз жұмды, деп хабарлайды 31 арна.

Айыпталушы жақ оны дәрігерлердің салғырттығынан мерт болды деп отыр. Дәрігерлер отаны дұрыс жасамағанын айтты.

Қызылордада облысында ер адам той үстінде досын пышақтап өлтірді

Дәрігерлер 5 рет ота жасағанымен науқасты аман алып қала алмады. Дәрігерлерге қатысты іс қозғалып, кейін жабылып қалды. Марқұмның туыстары айыптының қатаң жазалануын талап етуде. Айыпталушы жақ марқұмның туыстарынан кешірім сұрап, жеңіл жаза сұрады.

Ал, адвокат дәрігерлерге қатысты істі қайта қозғау керек деген мәселе көтерді. Сот шешімі алдағы уақытта шығады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау