Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі отбасы қайырымды жандардан көмек сұрайды

Қызылордада мүмкіндіктері шектеулі отбасы қайырымды жандардан көмек сұрайды. Жанұяның отағасы да, отанасы да, тіпті олардың  он үш жастағы ұлының да тумысынан тілі шықпаған. Сөйлей алмайды. Бастарында баспанасы жоқ отбасының бар үміті қайырымды жандарда.

баян скрин керек

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Шамаховтар жанұясын тағдыр сыны бір емес, шыр айналдырған. Отағасы Мұраттың төрт жасында белгісіз кеселден тілі шықпай қалған екен. Ал оның жұбайы Айгүл Жұбатханова туғаннан сөйлей алмайды. Ол аз болғандай ерлі -зайыпталардың он үш жастағы тұңғышы да мүгедек,тумысынан сал ауруына шалдыққан Және ата-анасы сияқты сөйлей алмайды. Ал бастарына түскен осы бір қиындықты олар жан баласына жеткізе алмайды.

“Осы кезге дейін ешкімнен көмек болған жоқ. Көмек сұрап отырмыз. Өз күндерін өздері көріп келе жатыр”, – дейді Мұраттың әкесі Ыбырай Шамаханов.

Отбасының бар табысы әулет мүшелерінің мүгедектіктеріне алатын 60 мың теңге. Оның үстіне пәтер жалдап, күн кешетін жанұяның бұл табысы не азық-түлікке, не киім кешектеріне жетпейді екен.

“Менің мына балаларым осындай. Кішкентайынан мүгедек. Келінім де, балам да. Осыған қайырымды жандар болса, сол қайырымды жандардан көмек болса”, – дейді әкесі.

Бұл отбасына  баспана керек дейді Мұраттың әкесі Ыбырай Шамахов.  Ал отанасы Айгүл Жұбатханова осыдан 9 жыл бұрын тұрған пәтер кезегі әлі келмепті. Сондықтан мүмкіндіктері шектеулі жандар қайырымды жандардан көмек күтеді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысы тұрғындары көшенің жері тарылып бір бөлігі сатылып кетті деп даурықты

Қанат Исламның соңғы жекпе-жегінде сіз бен бізді жаңылыстырған 5 дерек

Әке мен баланың оқиғасы: Әкесі өзін қорғамақ болған ұлын сабап тастаған

 

Талқылау