Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада кәріз құбырларын тазалап жатқан үш жұмысшы газдан уланып өлді

Қызылордада төтенше жағдай. Бүгін қалалық кәріз сорғысы станциясында апат болып, соның салдарынан 3 адам қаза тапты,- деп жазды KTK  арнасы.

газ

Дәрігерлер тағы 2 жұмысшыны аман алып қалу үшін арпалысуда. Қайғылы жағдайға мезгілсіз жіберілген улы газ себеп болыпты.

Станцияға жөндеу жасап жүргендердің бірі соның иісіне шыдамай, кәріз құбырына құлаған. Ал, қалғандары сол жұмысшыны құтқармақ болыпты. Зардап шеккен тағы 7 адамға алғашқы көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Қайғылы оқиға бүгін түсте дәл осы кәріз сорғысы станциясында болған. Ал, оған улы газдың мезгілсіз жіберілуі себеп болған көрінеді. Өйткені, сол сәтте мұнда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Сәйкесінше, адам да көп болыпты. Сол газдың иісіне уланған жұмысшылардың бірі кәріз құбырына құлап кетеді. Ал қалған 11 адам соны құтқармақ болыпты.

Сөйтіп, жұмысшылар құбырға бірінің артынан бірі құлаған. Салдарынан, 2 жұмысшы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал біреуі ауруханаға жеткенде көз жұмған. Қазір дәрігерлер тағы 2 адамды аман алып қалу үшін күресуде.Олар жан сақтау бөлімінде өте ауыр хәлде жатыр.

«КНС-те жұмыс істеу барысында газден уланып, суға құлаған. Сумен тұншығып, сонда жатып қалған. Жедел түрде реанимацияға көтеріліп, қазір іс-шаралар жасалуда. Жағдайы өте ауыр күйде қалуда»,-дейді токсиколог-дәрігер Ерболат Мәлік

Ал қалған зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Денсаулықтары жақсы болса да, олар қайғылы жағдайдан әбден есеңгіреп қалыпты. Солардың бірі – Шарапат Берухан.

«Көмекке деп шақырды. Мен бардым. Есімнен танып қалдым. Болды, осы жерден шықтым»,-дейді  зардап шегушілердің бірі  Шарапат  Берухан.

Бұлардың бәрін құбырдан құтқарушылар алып шыққан. Ол үшін төтеншеліктердің арнайы киім мен тыныс алу аппаратын тағуларына тура келіпті. Қазір 3 адамның өмірін жалмаған оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Мамандар апаттың нақты себебін анықтап жатыр. Ал жергілікті билік қаза тапқандардың жақындары көмексіз қалмайды деп сендірді. Яғни, әрқайсының отбасына 1 миллион теңге көлемінде өтемақы төленбек.

Оқи отырыңыз:

Мысырда жоғалған қазақстандық студенттер табылды

Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан 5 науқастың жағдайын айтып берді

Мемлекеттік білім грантына ие болғандардың тізімі жарияланды

Құлағы кіші жігіттер “жүргіш” келеді: Келіншек қыздарға күйеуді қалай таңдау керектігін айтты

Талқылау