Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада дін қызметкерлері көпбалалы отбасыға үй салатын құрылыс материалдарын әкеп берді

Ислам діні қашанда мейірімділікке, қамқорлыққа, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндейді. Қоғамда әлі де болса көмекке зәру отбасыларының бары рас.

IMG_8635

Хадисте пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды», – деген болатын.

Осы бағытта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт –Сырдария» мешітінің бастамасымен қаладағы төтенше жағдайлардан кейін баспанасыз қалған отбасына көмек көрсетілді, деп жазады muftyat.kz.

IMG_8629

Яғни, бір отбасының баспаналы болуына жағдай жасалып, қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп берді. Бұл қайырымдылық ізгі іске қаланың барлық мешіттері атсалысты.

Өз кезегінде көмек алушы көпбалалы ана игі шараға атсалысқан барша азаматтарға алғысын жаудырып, рахметін жеткізді.

Тағы да оқыңыз:

Суретші шегеден Головкинді салған туындысының ақшасын екі аяғынан айырылған қызға бермек

Астанада балдақпен жүрген бойжеткенді мейрамханаға кіргізбей қойған

Алматыда көз жұмған студенттің оқиғасы: Барлығы 5 мың теңгеден басталған

Жатын бөлмеге камера қойып 200 доллар ақша табуға болады

Талқылау