Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көз жұмған студенттің оқиғасы: Барлығы 5 мың теңгеден басталған

Алматыда қаза болған студенттің өліміне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақпарат.

student-1

Сотталушы Тойшыбек Асамов «Адам денсаулығына қасақана ауыр нұқсан келтіру», «Күштеп мүлкін тартып алу» бойынша айыпталуда.

Сотталушы өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ.

1-курс студенттері жоғарғы курс студенттерінің әлімжеттік көрсететінін айтып берді. Айтуларынша, үлкен студенттер 1-курстағылардан ақша алып отырған.

Асамов 5 наурыз күні 1-курс студенттері Нұрмат, Оралбек, Құсайынов, Амзехан,  Мықтыбаев, Әбдіханов, Манапов, Есетовпен кездесіп, олардан 5 мың теңге ақша талап етеді. Ақша беруден бас тартқанарға өзге 2-курс студенттерімен бірге күш көрсетеді.

Сот мәліметінше, 12 сәуірде Несіпбаев, Әлмұратов, Шайзадаев, Жақсылықов пен Жапаровтардың арасында төбелес болғады. Асанов төбелес кезінде Дидарға қол жұмсайды. Сол кезде Дирар Болысбеков құлап түседі.

Сот кезінде 1-курс студенттері жатақханадағы жүйе туралы айтып берді.

“Ақша беруден бас тартқан Камалға 2-курс студенттері келді. Біз бірінші курстар көп болғандықтан ол кетіп қалды. Кейіннен өзге бөлмеге шақырды. Бәрін ортаға алып, Досбол курстасымызды ұрды. Соққыдан Дидар құлап түсті. Сол жерде мерт болды. Дидардың көз жұмғанын білген соң жедел жәрдем шақырды”, – дейді 1-курс студенті Дархан Нұрмат.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 12 сәуірде ҚазҰАУ жатақханасында болған еді.  Бірінші және екінші курста оқитын оннан астам студент жатақханада төбелесіп, 17 жастағы Дидар Болысбек қаза болған.

Кейінірек полиция аталған оқу орнының 2-курсында оқитын 2 студентті ұстады. Сот алдында олардың біреуі ғана –  Тойшыбек Асамов жауап береді.

Тағы да оқыңыз:

Жатын бөлмеге камера қойып 200 доллар ақша табуға болады

Фермер доңызы жыныс мүшесі мен үш саусағын тістеп алған соң көз жұмды

Атырау тұрғынын қалада тек лыпамен жүргені үшін жазаламақ (видео)

Ұлттық ұлан сарбаздары тауып алған 5 млн теңгені иесіне қайтарып берді

Талқылау