Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада “әруақтар паналаған” үйден өрт шықты (фото)

Қызылорда қаласы Арай мөлтек ауданында орналасқан бұл үйдi жергiлiктi тұрғындар жақсы бiледi. Екі қабатты үйдiң осылайша бос қаңырап тұрғанына бiрнеше жыл болған.

үй1

Ел аузында бұл баспананы «әруақтар мекен етiп алған» деген қауесет әңгiме тарап кеткен. Жуырда осы үйден өрт шығып, үйдің екiншi қабаты мен шатыры  жанған.

“Жалынның қалай тұтанғанын бiлмеймiн. Өрт сөндiрушiлер отты әрең дегенде ауыздықтады. Әйтеуiр жанындағы үйлерге зияны тиген жоқ”, – дейдi сол маңдағы тұрғындардың бiрi.

үй2

“Бұл үй қоршалмаған. Есiгi де жоқ. Бомждар мен ерiккен жастар осында жүредi.  Солардың бiрi өртеп алған деп ойлаймын”,- дейдi ендi бiр тұрғын.

үй3

“Бұл үйдi сылауға шегеқұмды репрессия құрбандарына арналған ескерткiштiң айналасынан алған. Үйде пайда болған жындар осыған байланысты”. Аталмыш пiкiр ең көп таралған “аңыздардың” бiрi. Жуырда аталмыш ескерткiшке жаңғырту жұмыстары жүргiзiлген едi.

Естеріңізде болса Қызылордадағы Stan.kz  сайтының тілшісі  бұл үйде адам тұрмайтындай қандай құпия барын жан-жақты  зерттеп көрген еді.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы өзін “қылмыскерге” теңеген ақынға жауап берді

Қайрат Нұртастың әкесі: Ұлыма көп қол жұмсап қойдым

Динара Сәтжан Геннадий Головкинмен түскен суретін көрсетіп мақтанды

Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова алғаш рет отбасылық өмірі жайлы айтып берді

Баян Есентаева ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге алғыс айтып, 43 раушан сыйлады

Талқылау