Қызылордада әлем чемпионы Зайчиковке 3 бөлмелі пәтер берілді

Бейсенбі, 3 Желтоқсан , 2015 23:08

Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев зілтеміршілер Александр Зайчиков пен Алмас Өтешовті қабылдады.

Кездесу барысында облыс әкімі Александар Зайчиковке үш бөлмелі пәтер кілті және 2 млн. теңгенің сертификаты, ал Алмас Өтешовке 1,5 млн. теңгенің сертификаты табысталды, деп хабарлады КазИнформ.

-Спортшының жетістігі – елдің мерейі. Қазақстан чемпионаттары мен Әлемдік аренада атой салып, ел намысын қорғап жүрген спортшыларымыз да жетерлік. Биылғы жылы облыс спортшылары Қазақстан чемпионаттарында 461 жүлдені иеленсе, Әлем, Азия біріншіліктерінде қоржынға 40 жүлде салды. Өздеріңіз білесіздер, шет мемлекеттерде тек екі жағдайда біздің Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалады. Бірі – Елбасы сол елге барған кезде, екіншісі – спортшымыз жеңіске жеткен сәтте. Хьюстонда өткен әлем чемпионатында мерейімізді асқақтатқан қос қыранымызға алдағы үлкен додада сәттілік тілеп, тіл-көзден аман болыңыздар, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Спортшылар Бразилияда өтетін Олимпиадада жеңіске жету үшін жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. Айта кетейік, ауыр атлетикадан Америка Құрама Штатының Хьюстон қаласында өткен әлем біріншілігінде қос қызылордалық жеңіспен оралды. 94 келіде Алмас Өтешов күміс жүлдегер атанса, 105 келіде Александр Зайчиков алтыннан алқа тағынды.

null

null

null

null

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар