Қызылордада 5 баласы бар әжей “Қарттар үйін” паналап отыр

Сенбі, 19 Тамыз , 2017 14:34

Қызылордада «Қамқорлық» дағдарыс орталығы тағы бір зейнеткерге пана болды. 65 жастағы Төлеш Құйрықбаеваны балалары үйге сыйдырмапты. Қарт ана 45 жыл бойы күйеуінің мазағы мен соққысына шыдап келгенін айтады. Ал бүгінде бес бірдей перзенті оған қамқор бола алмай отыр.

анасын тастап кеткен 5 бала2

Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлады.

«Менің ешкімім жоқ, жетім өстім. Балаларым несие алып беруін өтінді, алып бердім. Үйдің шатырын ауыстыруға көмектес деді, солар бақытты болсыншы деп оған да жәрдемдестім. Ал енді олардың маған көмек беруге мүмкіндіктері жоқ. Бұл өмірде ешқандай қызық көрмедім. Бірақ біреудің үйін тазалап, көрпе тіксем де, аш қалмаспын», – дейді Төлеш апа.

Атап өтейік, аталған орталыққа соңғы бір жарым айда төрт әжей келіп түскен. Олардың біреуін туыстары іздеп келіп, алып кеткен-ді. Ал қалғандары «Қарттар үйіне» берілер жолдаманы күтіп жатыр.

Дағдарыс орталығы директорының сөзінше, өкінішке қарай, соңғы кездері қарт ата-анасынан баз кешетін адамдар көбейген. Көбінесе балалары егде жастағы кісілерді баққылары келмейді екен. Ал бүгінде облыстық қарттар үйін 160 қария күнелтіп отыр. Олардың арасында 101 қарттың балалары бар.

«Бұған дейін екі бірдей әже оңалту процедураларынан өтіп, естерін жиды, қалыпқа келді. Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдармен келісіп жатырмыз. Одан кейін үш әжейдің біреуі «Қарттар үйіне» жіберіледі. Мүмкін араларында жолы болып, үйіне қайтатындар да болатын шығар», – дейді «Қамқорлық» орталығының директоры Жандос Түсмағамбетов.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда көз жұмған әйел 4 адамның өмірін құтқарды

Алматылық әйел күніне 100-ге жуық мұқтаж жанды тегін тамақтандырады

Алматылық кәсіпкер орманда тұрған отбасыны жатақханаға орналастырды

АЧ-да қазақстандық спортшы жерлес досына жеңісті жарыспай-ақ берді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Балалар,ойланыңдар! Анаңа жасағаның ертең өзіңнің алдыңа келеді. Өз балаларың бетіңе басады. Мəңгі жастық жоқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар