Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада 13 орынға 21 бүлдіршінді отырғызып алған Газель көлігі аударылды

Бүгін Қызылорда қаласында оқыс жағдай болды. 13 орындыққа 21 баланы тиеп алған Газель көлігі аударылған. Бұл туралы Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі хабарлады.

10358-1-620x348

Оқиға бүгін таңертең Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентiндегi Абай және Сапарбаев көшелерiнiң қиылысында болыпты. “Ералаш” жеке балабакшасына тиесiлi “Газель” автокөлiгiнің ішінде жол апаты кезінде 21 бүлдiршiн болған деген ақпарат бар.

Балабақша медбикесi балалардың ешқайсысы ауыр жарақат алмағанын айтты. Олардың барлығы медициналық тексеруден кейiн үйлерiне қайтарылған.

Оған дейін барлық бала екі сағат бойы аударылған көліктің ішінде отырған.

Қазiргi таңда аталмыш оқиғаға байланысты ресми орган мәлiмет таратқан жоқ. Алдағы уақытта арнайы кездесу жасалмақ. Бұл оқиға туралы толығырақ мәлiметтi қосымша жариялайтын боламыз.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да автобус жол апатына ұшырап, бір адам көз жұмды

Қостанайда автобус жүргізушісі жүкті әйелді есікпен қысып тастаған

Алматыда әйел адамның бөтен баланы аямай ұрып жатқан сәті жарияланды (видео)

Астана тай бокс бапкері жанып жатқан үйден балалы әйелді құтқарып шықты (видео)

Талқылау