Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада 11 мұғалімнің сифилис дертін жұқтырғаны белгілі болды

Қызылордада 11 мұғалім сифилис дертін жұқтырған болып шықты. Былтыр өңірде бұл дертпен 6 адам ғана тіркелген.

Сифилис дертін анықтау қиын болғандықтан оның таралуы тез, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Ауруды бірінші деңгейінде емдесе, өзгелерге жұқпайды. Ал, асқынып кетсе, ішкі ағзаны құртып, сүйекке дейін әсер етеді.

Дәрігерлер мұны емдеуге болатынын, алайда дәрігерге дер кезінде қаралу керек екенін айтады.

“Бізде сифилис дертімен тіркелгендердің 80 пайызы жұмыссыз адамдар. Ал, білім саласындағылар шамамен 11 пайызды құрайды. Бастапқы кезде емделсе, ауру өзгелерге жұқпайды”, – дейді қалалық тері-венерологиялық диспансердің дәрігері, дермато-венеролог Ғабит Қыздарбеков.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау