Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда тұрғыны: Тәуіп әйел күйеуімді өзіне қаратып алып, үйімді тартып алмақшы

 Қызылорда қаласының тұрғыны Ләззат ана немере тәрбиелеп отыратын жасында күйеуінің қылық шығарғанын айтады. Қызын ұзатып, келін алған әйел отбасындағы берекесіздік далада қалуға апаруы мүмкін деп қорқады.

Себебі күйеуін теріс ағымға түсіп, емші әйелге ғашық болып қалған дейді Хабар арнасындағы  «Тікелей эфир» бағдарламасына келген Ләззат Абуова.

«Ол 2015 жылға дейін ішімдік ішті. Балаларымды бағып-қағу үшін, жеткізу мақсатында  өз үйімді қолыммен салдым. Бірақ құжаттар соның атында. Енді үйдің құрылысы бітіп, кірген кезімізде бір тиын қоспаған күйеуім осы баспанаға таласа бастады. Тәуіпке жиі баратын болып кетті. Намаз оқиды.

Сол намазы да дұрыс емес ағым деп ойлаймын. Себебі тілегін тілеген кезде тек қарабасының жағдайы жайлы сұрайды. Оны өзіне айтсам, намаз оқитын бөлмесіне кіргізбейтін болды. Соттасып үйді екіге бөлу туралы үкім оқылды. Менің айтарым үйді не себепті бөлуім керек? Бергім келмейді. Төрт баламның еңбегі далаға кетеді ме?»,-деп ашынды төрт баланың анасы.

6 бөлмелі үйге таласқан ерлі-зайыптылар соттан екіге бөлу туралы үкім алған. Ал төрт баланың анасы күйеуіне үйден бір тиын да бергісі келмейтінін айтады.

Оқи отырыңыз:

Әкесі қызын 18 жыл бойы әр аптаның соңында суретке түсіріп келген (фото, видео)

Әзірбайжандық әскери қызметкер Каспий жағасында еліктірерлік суреттерге түсті (фото)

Қолы жоқ ер адам мүгедек анасын асырап отыр

Германия тұрғындары Қазақстаннан естелік ретінде татуировка жасатуда

Талқылау