Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда тұрғыны қыс бойғы аяздан қорғану үшін үйінің ішінен жертөле қазып жатыр

Отын-су алуға ақшасы жоқ Қызылорда облысының тұрғыны қара суықтан қорғанудың тың тәсілін тапты. Жосалы кентінде тұратын Серікбай Ахметов қыста қатып қалмау үшін жертөлеге жасырынбақшы. Бұл жайлы КТК телеарнасында айтылды.

Безымянный

70 жастағы қарияның үйін жылытатын отын-көмірі жоқ. Сондықтан баспанасының ішінен жер қазып, қыс бойы сол жерде күнелтпекші.

Қара суықта қатып қалмаудың қамына кіріскен қария бір аптадан бері үй ішінен жертөле қазып жатыр. Өйткені Серікбай Ахметовтің қыста жағатын отыны жоқ. Жалғызбасты ақсақал алатын зейнетақым азық-түліктен артылмайды дейді. Сондықтан екінші топтағы мүгедек үскірік аязда жер астына тығылып жан сақтамақшы.

“Жағатын ештеңем жоқ. Жердің астына кіріп жылы жерде, жердің астында өмір сүремін. Не істеймін енді?”, – дейді Жосалы кентінің тұрғыны Серікбай Ахметов.

Қазір қария жертөленің жартысын қазып қойыпты. Алайда қыста жылы жату үшін әлі де тереңдету керек дейді.

“Екі метр қазам. Бойым 1,68см. Сосын астына жаман көрпелерім бар соны төсеп, үстіме жаман көрпелерді жамылып жатамын”, – деді Серікбай Ахметов.

Туған-туысы да, бала-шағасы да жоқ қария тек көршілерімен араласады екен. Олар да Серікбай Ахметовтің бұл қадамға амалсыздан барып отырғанын айтады.

“Анда-санда келіп кетеді. Мына үйден су алып кетеді. Ешқандай жамандығын көрген жоқпыз”, – дейді Жосалы кентінің тұрғыны Рахима Орақова.

Жер астынан жылылық іздеген ақсақал атқамінерлердің де алдына талай барған екен. Алайда ешкім көмек қолын созбапты. Сондықтан былтырғы қыста үйінің едендерін отқа жағып аман шыққан.

Оқи отырыңыз:

Ақтаудағы 6 жасар қызды зорлады деген күдіктінің ағасының өліміне қатысты деректер шықты

Ақмола облысында аязға қатып қалған әкімдік қызметкері көз жұмды

Қыз кейпіндегі елес көретін бойжеткен болашағы үшін алаңдап көмек сұрайды

Маңғыстау облысында 13 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалды

Талқылау