Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында кене шаққан тұрғын көз жұмды

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржамал Мырзағалиева  облыста кене энцефалитінен бір адамның қайтыс болғанын айтты, – деп хабарлады ҚазАқпарат.

20170425184227

Ол Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты 15-бекетте мал шаруашылығымен айналысқан. Аяқасты ауырған ол  24 сәуір күні түнде Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түскенімен, жағдайы оңалмай, бір тәуліктен кейін қайтыс болды.

Жалпы, биыл жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 97 кене шағу жағдайы тіркелді. Өткен жылдың алғашқы төрт айында 292 кене шағу жағдайы тіркеліп, КҚГҚ-на күдікті 1 жағдай анықталған болатын.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ұ.Аханаеваның айтуынша, биыл аймақта КҚГҚ-нан қолайсыз 117 елді өңір тізімі жасақталған. Оның ішінде 28 елді мекен Шиелі ауданында тіркеліп отыр.

«Бекітілген кестеге сәйкес  10 сәуірден басап Шиелі, Жаңақорған аудандарында кенеге қарсы өңдеу, залалсыздандыру жұмыстары аяқталды.  25 сәуірден бастап Қызылорда қаласындағы 7 қолайсыз елді мекенде залалсыздандыру жұмыстары басталды», – дейді Аханаева.

Тағы да оқыңыз:

Мамандар кеңесі: Кене шаққанда не істеу керек?

7-сынып оқушысы көк шайдың қатерлі ісікті жеңетінін дәлелдеді

Арқалық тұрғынының бетіндегі кішкентай жара уақыт өте үлкен ісікке айналған (фото)

Талқылау