Мамандар кеңесі: Кене шаққанда не істеу керек?

Жұма, 21 Сәуір , 2017 14:30

Көктем шыға «Конго-Қырым қанды безгегінен» де қауіп туындайтыны белгілі. Яғни залалды кенеден жұғатын бұл қатерлі ауру жөнінде жұрттың әрқашан есте ұстағаны абзал. Өйткені Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы осы ауру таралуы ықтимал аумаққа жатады.

20160430104500

Бұл туралы Шымкент қаласы, Қаратау аудандық ТҚҚБ эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Әбілғазиева айтып берді, деп жазады Замана газеті.

Конго-Қырым қанды безгегі – бұл вирустан туындайтын ауыр жұқпалы ауру. Табиғи ортада бұл вирус кенелердің және әртүрлі жабайы жануарлар мен үй жануарларының ағзасында болады. Адамның оны жұқтыруы жұқпалы кенемен, жануарларды сою кезінде оның қанымен немесе басқа да сұйықтықтармен жанасудан кейін болуы мүмкін.

Аурудың басталуы кез келген вирустық инфекцияда болатын дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, буынның, белдің ауруы арқылы білінеді. Ушыққан жағдайда мұрыннан, қызыл иектен, ине салған жерлерден қан кете бастайды, теріге бөртпелер шығады, қан құйылу пайда болады.

Бұл ауруға көбіне жануарларды күтіп-бағумен, сондай-ақ эндемиялық аумақтарда мал союмен айналысатын адамдар, қанмен және ағзаның басқа да биологиялық сұйықтықтарымен қорғалмаған жанасуда болатын медициналық қызметкерлер шалдығады.

Бұл аурудың табиғи ошақтарындағы адамдарға кенелердің шабуылынан жеке қорғану үшін қалпақты комбинезон кию, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу және резеңкелі манжетті жеңі бар көйлек кию керек. Саяхатшылар және балалар табиғатқа демалысқа шыққан кезде кененің жабысқаны көрінетін жақсы қорғалған киім, аяқ киім, бас киім, ұзын жеңді көйлек киюі қажет.

Дененің ашық жеріне және киімге кенелерді қорқытатын немесе өлтіретін құралдарды қолданған дұрыс. Киімге, сондай-ақ денеге жабысқан кенені анықтау үшін тексеру қажет. Өзіңіздің қолыңыз жетпейтін жерлерді басқа біреудің  қарауын өтініңіз. Кенелерді жою бойынша жануарлар­ға шаралар қолданыңыз.

Жануарлардың жүнін қырқу алдында малға кенеге қарсы өңдеу жүргізу қажет. Оған ветеринарияда рұқсат етілген акарицидтік құралдар қолданады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кенені алып тастау­дың мынадай әдістемесін ұсынады: Қарапайым қысқашпен өзіңіздің теріңізге мүмкіндігінше жақынырақ кенені ұстап алыңыз. Қысқашты қатты қыспай (кенені езіп алмас үшін), абайлап және ұқыптап, теңселтпей, жұлқыламай тартыңыз. Кене алынған жерді спирт немесе йодпен сүртіңіз. Алынған кенені ыдысқа салып, оны қақпақпен тығыз жабыңыз. Жаншылған кененің қаны арқылы қауіпті инфекцияны жұқтырмас үшін міндетті түрде жеке басты қорғау құралдарын пайдаланыңыз.

Егер сізді кене шағып алған болса, онда тұрғылықты жер бойынша міндетті түрде емдеу мекемесіне медициналық көмекке жүгініңіз. Сізді 14 күнге дейін медициналық бақылауға алады. Дене қызуы көтерілген жағдайда емдеуді мүмкіндігінше тез бастау керек.

Конго-Қырым қанды безгегіне қатысты кез келген мәселелер бойынша аумақтық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен байланысуға болады.

Тағы да оқыңыз:

7-сынып оқушысы көк шайдың қатерлі ісікті жеңетінін дәлелдеді

Арқалық тұрғынының бетіндегі кішкентай жара уақыт өте үлкен ісікке айналған (фото)

Екі жыл бұрын жарты баспен туған бала қалай өмір сүруде? (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар