Қол ұстасқан қыз бен жігіт 14-қабаттан секіріп мерт болды
Бозбала мен бойжеткен қол ұстасып 14-қабаттан секіріп кетті.

Оқиға Мәскеуде болған. 17 жастағы қыз бен жігіттің не себепті өзіне қол жұмсағандары белгісіз. Олар өлер алдында хат жазып қалдырған. Куәгерлер қыз бен жігіттің қолында кісен немесе байлаулы жіп болғанын айтуда, деп жазады “Известия”.
Екеуі де сол жерде мерт болды. Хатында олар өздерін бірге көмуді сұраған. Қазір полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.
“Екеуі де емен-жарқын, көңілді жүретін жандар еді. Мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Мұндайды күтпедік”, – дейді олардың құрбысы.
Тағы да оқыңыз:
Рамазан айы 16 мамырда басталмайды: Бас мүфти мәлімдеме жасады
Тойда іш киіміне дейін шешініп, қара жорға билегендер жұртты ашуландырды (видео)
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық