Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз баланы армандаған Мұқасан төртінші ұлын перзентханадан ерекше ырыммен алып шықты (фото)

Мұқасан Шахзадаев жұбайы мен сәбиін перзентханадан шығарып алды. Жуырда ғана Шахзадаевтар шаңырағы тағы бір жанмен толыққан болатын. Алайда, үш ұлдан кейін төртінші ат байларды дүниеге әкелген әншінің жұбайы кестетігерді ұзақ күткен көрінеді. Қызды қалаған келіншегі Индираның құпиясын алғаш рет Stan.kz тілшісіне Мұқасанның өзі айтып берді.

«Мен жұбайым жүкті болған сәтте бір сөзді ғана айттым. Ол ұл болсын, қыз болсын, Алланың бергені болады дедім. Өйткені, біздің қалауымызбен бола қоймайды. Бірақ, әрине келіншегім қызды қатты күтті. Үш ұлымыз бар Құдайға шүкір. Кейін УДЗ-ден көріп, ұл болғанын білген кезде қатты жылап та алды. Содан кейін біз айттық: Неге жылайсың? Алланың бергені. Осыған да тәубе. Бұл күнге де жете алмай жатқан адамдар қаншама. Ең бастысы аяқ-қолын бауырына жинап, бәріне тәубе дейміз», – дейді Мұқасан Шахзадаев.

Десек те, әншінің отбасы қызды болудан әлі де үмітін үзбек емес. Өйткені, өнер иесі келесі перзенті бұрымды болсын деп, жаңа туған сәбиге қызғылт түсті шомылатын ваннаны таңдағанын айтады.

«Қазақ болғаннан кейін, біз балалы ұлтпыз. Әрине, ешқашан артық болмайды. Бүгін бір қызық жағдай болды. Келіншегім телефонға хабарласып, баланы жуындыратын ванна дейміз ғой, соны алу керек деді. Содан ана жерге бір барамын. Мына жерге барамын. Барлық жерде жоқ. Бір жерге келсем біреу ғана қалыпты. Оның түсі қызғылт екен. Ары-бері жүріп шаршап кеткеннен кейін, осы қызғылт түстісін алайын деп айттым. Әйелім келісті. Сол кезде қалжыңдап айтып жатырмын, келесісі қыз болады ғой деп. Оған келіншегім қатты күліп жатыр», – дейді Мұқасан.

Ал, дүниеге келген кішкентай сәбидің ағалары, інілі болғандарына қуанышты екендерін айтады. Сондықтан қызды қалаған аяулы аналарын жұбатып әлек…

«Мен өте бақытымын. Қуанышымда шек жоқ. Шынымды айтсам, маған ұл ма, қыз ба бәрібір. Өйткені, қандай жағдайда да мен аға деген атты алып, үлкен мәртебеге ие болып жатырмын. Менің енді кішкентай інім бар. Жауапкершіліктің жүгі еселене түсті деп айтса да болады. Анам маған інілі боласың дегенде қалай қуанғанымды білсеңіздер ғой», – дейді Мұқасанның үшінші ұлы Дияр.

Әншінің қуанышына ортақтасып отандық шоу-бизнес өкілдері де ат басын бұрған. Перзентханадан шығарып алу рәсіміне атышулы Дәурен Айдарқұлов та арнайы келіп, ұлды болған Мұқасанның жанұясына жылы лебізін жолдады.

«Ағамыздың өмірдегі болып жатқан әрбір қуанышына бізде өте қуанышты боламыз. Төртінші ұл келіп жатыр, қуанышымыз шексіз деп айтсаам болады. Қыз болсын, ұл болсын, ең бастысы аман болсын. Жақсы азамат болып өссе, одан асқан бақыт жоқ қой», – дейді өнердегі ағасын құттықтауға келген Дәурен Айдарқұлов.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан 3 күн бұрын Мұқасан Шахзадаев төртінші рет мәрте ұлды болғаны жайлы жағымды жаңалықты хабарлап, инстаграм парақшасы арқылы дүйім жұрттан сүйінші сұраған болатын.

Оқи отырыңыз:

Мөлдір Әуелбекова қарияға дөрекілік танытқан Төреғалиді жақтап сөйледі

Жомарт жанды Тәуекел: Актер мұқтаж отбасыға көмек көрсетті (фото, видео)

Сиви Махмуди өзінің қандай атақ алғанын білмей ұятқа қалды

Талғат Жорабаев Төреғалимен болған даудың неден басталғанын айтып берді

Талқылау