Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова қарияға дөрекілік танытқан Төреғалиді жақтап сөйледі

Жуырда ғана Төреғалимен дуэт айтып, бірігіп бейнебаян түсірген Мөлдір Әуелбекова Павлодардағы атышулы концертке қатысты пікірін айтты. Әріптесін жақтап сөйлеген ол бұл жайттың барша өнерпаздарға сабақ болғанын атап өтті.

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Бәрімізге сабақ болды, мәдениетті, тәртіпті болу, үлкенге сөз қайтармау… Халыққа да сабақ болып тұр. Сен келесің, қаншама концерт бірінен кейін бірі… Олар адамның өмірінде не болып жатқанын білмейді. Өнерде жүру де оңай шаруа емес. Оның жеке басында бірдеңе боп жатқан шығар, оны да мысалы біз білмейміз. Ол да ет пен сүйектен жаралған ғой. Сол сәтте шыдай алмай, жарылып, бірдеңе болды ма?!” – деп Төрешті ақтап алуға тырысты Мөлдір.

Әуелбекованың айтуынша, халық кешірімшіл, шалыс басқан елдің еркесін жұрт қашанда кешіреді.

“Кешірмеу мүмкін емес қой. Қайсымыз жетісіп тұрған пәкпіз? Алла Тағала қаншама күнәлірімізді кешіріп жатқанда, адам адамды кешірмеу мүмкін емес мен үшін”, – дейді ол.

Ал Қуандық Рахым Мөлдірмен келіспейді. Айтуынша, концерттің шырқын бұзушы тыңдарман қашанда болған, бола береді де. Тек мәдениет өкілі кез келген жағдайда сабыр сақтап, жағдайды ақылмен шешуі тиіс дейді, Төреғалидің құрдасы.

“Концерт көруге емес, ерігіп, әншіні балағаттап, мазақ қылуға келетін адамдар да бар негізі. Ондайлар болды, айқайлады, шулады, ысқырды, неше түрлі сөздер айтты, бірақ көрерменмен ондай байланысқа барған жоқпыз. Сабыр сақтадық, барынша жеңіл айтуға тырыстық. Үлкен кісілерден де ұялып, залдан өз еркімен шығып кеткен кісілер де болды”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Жомарт жанды Тәуекел: Актер мұқтаж отбасыға көмек көрсетті (фото, видео)

Сиви Махмуди өзінің қандай атақ алғанын білмей ұятқа қалды

Талғат Жорабаев Төреғалимен болған даудың неден басталғанын айтып берді

Алматыда бар-бар: Ерке Есмаханның сүйіктісін тапқаны рас па? (фото)

Талқылау