Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлықтардың біржынысты некені заңдастырмақ болған әрекеті сәтсіз аяқталды

Қытай соты жергілікті биліктен біржынысты некеге қарсы жауап алып шағымданған Чанша қаласы қосы тұрғынының өтінішін кері қайтарды.

160413085331_china_gay_parade_640x360_afp_nocredit

Сурет AFP

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Бұл Қытайдағы біржынысты некені заңдастыруға бағытталған алғашқы қадам болды. Өтінішті 27 жастағы Сунь Вэньлинь мен 37 жастағы Ху Минлян берген. Жиын басталардан бұрын сот ғимараты алдына бірнеше мыңдаған олардың жақтастары да жиналған. Олардың жүз шақтысы биліктен жиын өтіп жатқан залға қарай жіберуді сұраған. Істі қарауға бірнеше сағат кеткен. Енді олар жоғарғы сот органдарына қайта шағым түсіретіндерін айтты.

Дау өткен жылдың желтоқсанында басталған. Сунь сол оқиғадан соң үйіне полицей келіп арызын қайтарып алуға мәжбүрлегенін, олай етуден бас тартқанын айтты. Өтініш берушілер қытай заңы біржынысты некені заңдастыруға тікелей қарсы шықпайды деп санайды.

Талқылау