Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық қыз біреуді қағып кетіп, скутерден құлап түссе де телефонынан бас алмады

Телефонға үңіліп скутер айдап келе жатқан қытайлық қыз одан құлап қалса да, телефонына қарап жатты. Бұл туралы батыс Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Линьхай қаласының телеарнасында хабарланды, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.

Қытайлық қыз біреуді қағып кетіп, скутерден құлап түссе де телефонынан бас алмады

Оқиға Линьхай қаласының маңындағы ауылда болды. Қытайлық қыз телефонға қарап скутер айдап келе жатқан. Телефонына сонша үңілген бойжеткен алдында келе жатқан скутерді байқамай оған соғылып қалды. Ондағы жолаушыны құлата жаздаған қыз, өзі де тепе-теңдік сақтай алмай, скутерден ұшып түсті. Алайда, өзін де басқаларды да жарымжан етуге аз қалған бойжеткен стутерден құлап түссе де телефонға қарап жатқан.

Телеарнаның хабарлауынша, ол аздаған жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Ал, осы оқиға туралы хабардар болған жол полициясының өкілдері қытайлық қыз апатқа байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға тиіс екенін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау