Қытайлық қалыңдық ұзындығы 6 шақырымға жететін той көйлегін киді (видео)
Қытайлық Чжэн Юэцай есімді бизнесмен өзінің қызына фатасының ұзындығы алты шақырым болатын ерекше той көйлегін сыйлады.

Фото: ivona.bigmir.net
Қалыңдық көйлегінің фатасын ұстап жүру үшін 560 адам қажет болған. Енді олар осы ерекше жағдай Гиннестің рекордтар кітабына кіреді деп үміттеніп отыр екен.
Фатаны жасап шығу үшін қалыңдықтың әкесі 1 миллион юань жұмсаған. Ол жас отбасының ғұмыры ұзақ болсын деген ниетпен осындай көйлек тіктіріпті.
Қытайлық интернет қолданушылары бұл жағдайға түсіністікпен қарап, оң көзқарас білдірген. Алайда соншалықты ақша мен матаны рәсуа еткен деп сынағандар да табылған.
Бұған дейін 17 жастағы румыниялық Эмма Думитреска ең ұзын фатаның иесі атанған еді. Ол 2977 метрлік той көйлегін киген.
Оқи отырыңыз:
Нострадамус: 2017 жылы әлемді не күтіп тұр?
«Әлемдегі ең сұрықсыз қыз» көңілге тиерлік сөз айтқандарға қарсы шықты
Оқушы жігіттер мұғаліміне өздерінің ұрығы қосылған бәліш берген
Месси пакеттен жейде жасап киген ауғанстандық баламен кездесті (видео)