Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық аспаз Қазақстан мен Қытай достығына арналған тағам дайындады

Қытайлық аспаз қазақ-қытай ынтымақтастығына арналған тағам дайындады. Дуань Шудун аспаздық өнерінің туындысын 28 мамырда Алматыдағы Battle BBQ-2016 бас аспаздардың байқауында таныстырды.

xzotika1xzotika1

Сурет: django-istra.com 

 

 

Ганьсу провинциясында туған Дуань Шудун сиыр мен тауық етінен «Достық кемесі» тағамын әзірледі. Аспаз жаңа тағамды шығаруға жыл сайын нығайып келе жатқан  қазақстандық-қытайлық ынтымақтастық шабыттандырғанын айтты.
«Аспаз болып жұмыс істегеніме 26 жыл болды. Бұл таңдауыма бір мезет те өкінген емеспін. Қазақстанға шақырту бойынша келдім. Мені жергілікті тағамдар қызықтырды. Ол қытайлық тағамдарға мүлде ұқсамайды. Алайда Қазақстан мен Қытайдың дәстүрлерін біріктіретін бірнеше тағам дайындағым келеді. Мұндай алғашқы тағамды әзірлеп қойдым!» – деді Дуань Шудун.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық аспаз 2 сағатта 216 қойдың етін пісіріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді

Талқылау