Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық 394 келі шығатын жұп жыныстық қатынасқа түсу үшін азбақшы

Қытайдың Сычуань провинциясының тұрғындары салмағын азайту үшін жасалатын отаға дайындалып жүр. Ол үшін 2,7 км қашықты жаяу жүгіріп өткен.

кытай

Линь Юэ және оның жұбайы Ден Ян біраз уақыттан бері қатты семіріп кеткен. Олар жыныстық қатынасқа түсу және балалы болу мүмкіндігіне ие болу үшін арықтауға бел буған.
Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды.

олардың жалпы салмағы 394 келі. 30 жаста бас қосқан қос ғашық тойларында киім симағандықтан арнайы тапсырмамен тіктірген.

Олар қазіргі салмақтарынан арылатындарына сенімді. Себебі Қытайда жарты тонна шығатын Киан Киан есімді әйел азамат асқазанына жасалған отадан кейін едәуір салмақ тастаған еді. Оның өмірі екі жасқа үлгі әрі сенім болып отыр.

ерлі-зайыптылар да тура осындай ота жасатпақшы. Негізгі мақсаттары ата-ана атанып бала сүйю.

Сұхбат кезінде бұл екі азамат жаттығу залында болған еді. Олар енді әр уақытын есептеп спортқа көңіл бөлген. Әрі дұрыс тамақтану ережесін ұстанған.

Талқылау