Қытайдың интернет-дүкендерінен алуға болмайтын заттар

Сейсенбі, 28 Маусым , 2016 18:24

Қытайдың интернет-дүкендерінің бағасы қолжетімді болғандықтан отандастарымыз тарапынан сұраныс та едәуір көп. Алайда Қытайда жасалған заттардың барлығы бірдей сапалы бола бермейді.

11116

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қытай тауарларының төмен сапасы үшін одан бас тартқан жөн. Қытайдың интернет-дүкендерінен қандай заттарға тапсырыс беруге болмайды?

Қытайдың өзінде интернет-дүкендерден тапсырыс бергендерге сапалы тауарлар беріледі. Егер сатып алушының қалағанындай болмаған 95 пайыз жағдайда сатушы тауар ақшасын қайтарып береді немесе жолдап жібереді. Біз осы мақаламызда интернет-дүкендерге тапсырыс беріп, алайда кедергілерге ұрынған сатып алушылар жайлы айтпақпыз.

1412950699_shopping-25

Сурет: www.vmir.su 

Киім мен аяқ киім

Жалпы алып қарағанда Қытайда жасалған аяқ киімдердің көпшілігі сапалы әрі бізге шақ келіп жатады. Мұның себебі ҚХР-да ірі брендтердің тапсырымен киімдер стандартқа сай тігіледі. Ал, интернет-дүкендерде мұндай талаптардың сақталуы екіталай.

Көп жағдайда дау тудыратын киімнің көлемі. Олар европалық киім мөлшерінен әлдеқайда кіші етіп тігіледі. Сондықтан сатып алар алдында сатушымен ақылдасып, мүсініңізге киімнің сай келетінін сұрап алғаныңыз және жазылған пікірлерді оқып алғаныңыз дұрыс.

Сондай-ақ ол киімдердің сапасы нашар болып, жіптері шығып жүруі, тігісі сөтіліп кетуі, матаның денеге жағымсыз болуы мүмкін. Қытайлықтардың көпшілігі киім маталары таза теріден жасалмағандықтан олардан жағымсыз иіс шығатынын айтып шағымданып жатады.

Тағы бір айта кетерлігі, ғаламторда жарияланған сурет тауардың өз түрімен сәйкес келе бермейді. Ол туралы желіде көп айтылып та жүр.

292482

Сурет: fishki.net 

Егер тауар сәйкес келмесе оның ақшасын қайтарып беруі мүмкін. Алайда, оны өз ақшаңызға жіберу керек болады. Ал, киімді белгілі бір күнге, мерекеге не тойға арнайы алдырған болсаңыз, жағдай қиындай түспек.

 

02122015-43

Сурет: gorodkirov.ru 

Косметика

Франция косметикалары ешқашан арзан бағаға қыталық интернет-дүкендер мен көшеде сатылмайды. Егер атақты брендтің далабын 2 долларға көрсеңіз, оның жасанды екенін біле беріңіз. Оның неден жасалғанын білмегендіктен денеңізде аллергия туып, қышуы мүмкін.

Балалар ойыншығы

Қазақстанның әр қаласында балаларға арналған қытайлық ойыншықтарды сатуға тыйым салынды. Өйткені, қытайлық ойыншықтардың бояуы аллергия тудырып, тыныс алу, бауыр мен бүйректің бұзылуына алып келеді.

Бағалы заттар

Интернет-дүкендерде бұдан бөлек зергерлік бұйымдар, атақты бренд бұйымдары, алқалар мен сырғалар, тастан, темірден жасалған сәндік заттар да бар.

Солардың ішінде күміс бұйым дегендердің тек сыртқы беті күмістен қапталып, сырғалардың ілмектері сынып, тастан жасалған бұйымдарға пластик қолданып жатады.

Көлік құралдары

Біріншіден, сапасы нашар болғандықтан алған затыңыз көпке шыдамауы мүмкін. Әсіресе, көлік шамдары. Екіншіден құралдардың көлемі сәйкес келмеуі мүмкін. Құралдардың шыққан мерзіміне байланысты көлемі де әр түрлі болады. Мамандардың айтуынша, тек арнайы базалар мен қызметтерде ғана бірнеше параметрлер бойынша жасайды.

Шпионды гаджеттер

Көп азаматтар шпионды гаджеттерді рұқсатсыз алуға бомлайтынын біле бермейді. Бұл дегеніміз бейнебақылау камерасы бар немесе тыңдау құрылғысы бар тауарлар. Бұл заң бойынша жазаланады. Яғни, бұл үшін ірі көлемде айыппұл төлеуге немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық ғаламтордан арзан iPhone 6s-ке тапсырыс беріп, оның орнына нан алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар