Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдың бокстан ұлттық құрамасы таратылды

Қытайдағы қазақ боксшыларының әділетсіз жеңілісінен кейін, Қытайдың бокстан ұлттық құрамасы таратылды.

d0bad0b8

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

75 келі салмақтағы қандасымыз Тоқтарбек Таңлатханұлы XIII кезекті жазғы жалпы қытайлық спартакиаданың финалына шығып, ақтық бәсекеде Хубэй провинциясының спортшысы Вэн Инхаңнан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Тіпті төрешілердің әділетсіз шешіміне комментаторлар да таңғалыстарын жасыра алмаған. Боксшының бапкерлері қарсылық білдіріп, шағым түсіргеннен кейін ғана төрешілер шешімін өзгертіп қандасымыз финалға шықты.

Ал 64 келі салмақта Ердәулет Мейрамбекұлы ширек финалда XII кезекті спартакиада чемпионы Ван Гаңмен кездесіп, Ердәулет айқын басымдылық көрсетсе де төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласына берді. Осыдан кейін төрешінің шешіміне қытайдағы бокс жанкүйерлерінің өздері наразылық білдіріп, жарыс қортындысын қайта қарауды талап етеді.

Нәтижесінде Қытай Мемлекеттік Спорт бас басқармасы Қытайдың бокстан ұлттық құрамасының таратылғаны туралы мәлімдеме жасады. Сондай-ақ екі жарыста әділетсіз шешім шығарған барлық төрешілер және жауапты басшылардың қызметі тоқтатылған.

Оқи отырыңыз:

Василий Левит пен Бахтияр Артаев мемлекеттік қызметші болмақ

Сабина Алтынбекованың анасы мүгедек жандарға S20 бренд футболкаларын сыйлады (фото)

Месси пианинода ойнап жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

Футболшының интимді шаш үлгісі желіде күлкіге айналды (фото)

Талқылау