Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдың алпауыт компаниясы Димаш Құдайбергеновке арнап смартфон шығарды (фото)

Димаш Құдайбергенов желідегі парақшасы арқылы бір мақтанып алды. Ол Қытайдың алпауыт компанияларының бірінің өзіне арнап смартфон жасағанын айтты.

16122432_1861175954167253_7726413331031916544_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш Құдайбергенов әлі күнге дейін Қытайда жүр. Отандық әнші қатысып жатқан байқау аяқталмады. Оны енді 28 қаңтар күні Бейжің уақытымен сағат 22:05-те тыңдай алмаймыз. Әзірге әнші қос елдің көзайымына айналып, түрлі мақтан сөздер естіп жатыр. Осы орайда, ол Қытайдың алпауыт компанияларының бірі өзіне арнайы жасаған смартфонды көрсетті.

“Vivo компаниясы жеке қолым мөрленген, арнайы маған арналып дайындалған X9 телефонын сыйға тартты! Көп рахмет!” – дейді Димаш Құдайбергенов.

16111023_354345568273132_9155062364423323648_n

Әншінің аталған жазбасына 1200-ден астам пікір жазылған. Олардың барлығы дерлік құттықтаулар. Мұнымен қатар, пікірлердің жартысынан көбі қытай, ағылшын, орыс тілдерінде жазылған.

“Алла жар болсын! Тіл көзден сақтасын. Байқап жүрші. Неше түрлі адам неше түрлі ниетті болады”, “Саған не берсе, соған лайықтысың. Даусың керемет! Сенен кейін әншілер сахнаға шыға алмай қалған шығар. Сен сияқты дарындылар көбейе берсін”, “Шын жүректен қуаныштымын! Қазақтың бағына туған жан екенсің. Алла жар болсын!” деп жазды желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандары Жанар Дұғаловаға модель болуға кеңес берді (видео)

Әли Оқапов анасына ән жазып берді (фото)

Димаштың ата-анасы балаларының қалай “қытайлық ғажайыпқа” айналғанын айтты

Дастан Оразбековпен сүйіскен актриса Салтанат Бақаеваның бейнебаянына түсті (видео)

Талқылау