Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда жүргізуші құздан құлап кетерден бір секунд бұрын көліктен секіріп кетті (видео)

Ептілігі мен жедел реакция көрсетуінің арқасында ер адам құздан құлап кетпей, өз өмірін сақтап қалды.

Желіде актокөлігі аударылып кетерден бірнеше секунд бұрын көліктен секіріп үлгерген ер адамның видеосы қызу талқыға түсті. Ауыр жүк көлігі құлап кетпес бұрын ол көлік терезесінен секіріп үлгерген, деп жазды life.ru.

ade839ef298d202f06e72dba431c8dbe__1440x

Желі қолданушылары жүргізушінің спорттық дене бітіміне тәнті болды. Көпшілік оны «Форсаж-7» фильмінде секіру трюгын іске асырған Пол Уокермен салыстырады.

Алайда жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, оқыс оқиғаға жүргізушінің өзі кінәлі. Себебі ол өз көлігін жардың шетіне қойып қойған. Ол үшін жүргізуші айыппұл төлейтін болады.

Талқылау