Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда жолаушы таситын әлемдегі алғашқы ұшқышсыз ұшу құралы шығарылды

Қытай компаниясы әлемдегі алғашқы жолаушы таситын ұшқышсыз ұшу құралын жасап шығарды. Оның кабинасында басқару тетігі атымен жоқ. Бәрін компьютерлер мен сенсорлар басқарады.

02129a0a0e11e40ab9a5da7cf9fdbf91_L Айрықша әуе көлігі АҚШ-тың Лос-Вегас қаласындағы электроника көрмесінде таныстырылған.

Бұдан бөлек, арнайы планшет бар. Жолаушы соның көмегімен ұшатын және қонатын уақытын белгілейді. Әуе көлігінің жаңа түрінде әзірге тек бір адам ғана отыра алады. Батареясын қуаттауға бар болғаны 2 сағат қажет. Компания өкілдері «тың туынды 3-5 жылдың көлемінде нарыққа шығады», – дейді. Ал бағасы 300 мың доллар болмақ.

Талқылау