Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда жартылай марафон кезінде 33 жастағы спортшы ажал құшты

Қытайдағы Шэньчжэнь (Гуандун провинциясы) қаласында жартылай марафон кезінде 33 жастағы спортшы қаза тапты. Оқиға сенбі, 5 желтоқсанда, ұзақтығы 21 шақырым 80 метр қашықтыққа жүгіру кезінде орын алды.

20151206122050

Яо мәреге 400 метр қалғанда, есінен танған. Жарыста кезекшілік еткен жедел жәрдем ер адамды ауруханаға әкелді, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады. Клиникада дәрігерлер оның ажал құшқанын анықтады.

Ол жартылай марафонға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Қарашада ол 2 сағат 10 минуттық қашықтықты еңсерген. Осы жолғы оның жарыстағы уақыты 2 сағат 30 минутты құрады.

13 қарашада Вильнюсте халықаралық марафон уақытында 44 жастағы қатысушы ажал құшқан. Жарыс директоры Дарюс Микулистің айтуынша, оның жүрек талмасы ұстап қалған.

Қаңтарда Гонконгте де осындай оқиға орын алды. Виктория саябағында мәре желісіне 100 метрге дейін қашықтықта 24 жастағы Ын Чук-Юэ құлап, басынан жарақат алған. Ол ауруханаға бірден жеткізілгенмен, бір тәуліктен кейін жансақтау бөлімінде қөз жұмған.

Талқылау