Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда жүрген Жәния Джуринская жардан құлап кете жаздады (видео)

Асылхан Төлепов, Жәния Джуринская, Саят Исембаев, Айнұр Тұрсынбаева… Бұл Қытайға арнайы сапармен барған қазақ делегаттары. Олар Қытай елшілігінің шақыруымен Бейжің – Цзинань – Тайшан – Цзюйфу – Хуаншан – Хунчун – Суншан – Лоян бағытында жүріп өтіп, аспан асты елінің мәдениетімен жақынырақ таныспақ ниетте.

20589829_1483490505039644_3135106309653790720_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Танымал өнер иелері күн сайын Қытайдың әр өңірінде көрген-білген қызықтарымен бөлісіп жатыр. Мәселен, бірнеше күн бұрын актер Асылхан Төлепов әйгілі “Жаужүрек мың бала” фильмінде өзі айтатын рухты сөздерді Қытай төрінде тағы да бір рет қайталап берді.

Ал Жәния Джуринская әдемі селфи жасау үшін жарға шығып, өмірін қауіпке тікті. Ол құздан құлап кете жаздаған сәтін желідегі парақшасына жүктеді.

“Қазір мына видеоға қарап, аяғым дірілдеп отыр. Сол сәтте не ойладым десеңші? Бірақ мен жалпы ештеңе ойламадым. “Қалап тұрмын” дедім де шығып алдым. Хуаншан тауының шыңында. Елге қайтудың өзі қорқынышты. Мынадай экстрим үшін анам мені өлтіреді”, – деп жазды актриса.

Ал желідегілер Жәнияның жүрекжұтқан батыр қыз екенін айтып жатыр. Көпшілік видеоны көрген кезде қатты қорыққандарын жеткізді.

Жіберіп алмаңыз:

Тәуекел Мүсілім 7 елде көрсетілетін мега-жобаның жүргізушісі атанды

Әйгілі “Жігіттер” тобы тарап кетуі мүмкін

Тыңдармандары қазақы стилде ән салатын Қуандықтың өзгеріп кеткенін айтып дабыл қақты (видео)

Алматы әкімдігі Сәкен Майғазиевке өнер мектебін ашып берді (фото)

 

Талқылау