Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда шетелдіктермен көңіл қосудан сақтандыратын әзіл суреттер топтамасы шықты

Қытайда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін қызметкерлерді шетелдіктермен көңіл қосып, роман құрудан сақтандыратын суреттер желісі пайда болды.

pic_d13615a8af57bc5ec0189c81450401bc

Сурет: lenta.ru 

Суреттер елдегі ұлттық қауіпсіздік күніне орай жарияланды. Сурет желісі бойынша шетелдік Дэвид есімді азамат мемлекетік қызметкер Сяо Лимен көңіл жарастырып жүреді. Турист қызға көңілін білдіріп, қымбат сыйлықтар береді. Біраз уақыт өткен соң ол қытайлық қыздан жұмысы жайлы сұрастыра жүріп, саяси құпия мәліметтерді біліп алған соң еліне тайып тұрған.

Қыз көңілдесіне құжаттар көшірмесін берген соң оны әскери және мемлекеттік құпияны ашқаны үшін қамауға алады. Шынайы өмірде мұндай қылмысы үшін адам 5 жылдан бастап, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2015 жылдың сәуір айында Қытай соты 71 жастағы журналист Гао Юйді мемлекеттік құпияны ашқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырып, 1 жылға дейін саяси қызметте жұмыс істеу құқығын шетктеген. Сот оның мемлекетік құпия сақталған құжат көшірмесін шетелдікке бергені үшін кінәлі деп таныды.

Талқылау