Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда ресейлік студент Ерке Есмаханның «Қайда» әнін шырқады

Қытайда ресейлік студент Владимир Ким қазақстандық әнші Ерке Есмаханның «Қайда» әнін орыс, ағылшын тілінде  гитарамен айтты. 31 наурызда Қытайдағы қазақстандық студентер қауымдастығының белсенділері Наурыз мейрамына орай концерт өткізді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Студенттер «Шашу» биін билеп, флэшмоб ұйымдастырды, Жансерік Тұрсынбек пен Айзат Қанатова «Тау-тау сезім» әнін, Бақтияр Тоқтасынұлы «Сенен басқа» әнін орындады.

Кештің ең қызықты тұсы ресейлік студент Владимир Кимнің орысша, ағылшынша гитарамен ән салғаны болды. Ол қазақстандықтарды Ерке Есмаханның «Қайда» әнін шырқап таңқалдырды.

Жастар дастархан жайып, жиналғандарға Наурыз көже мен бауырсақтан дәм татқызды.

Концертке Сиань көлік университеті Жібек жолының экономикалық белдеуі инновациялық орталығының жанындағы Орталық Азиядағы құқықты зерттеу орталығының  директоры София Ушурова арнайы шақырылды.

«Біз Наурызды қарсы алу үшін арнайы бас қостық. Бір-бірімізге жақсы тілектер айттық. Наурыз – халқымыздың тамыры тереңге кететін жаңа жыл мерекесі, ол бірлік пен ынтымақ мерекесі», – деді Сиань көлік университетінің 2 курс магистранты Райсиам Мұрдинова.

Тағы оқыңыз:

«Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы ақшалай сыйлығын қайда жұмсайтынын айтты

Күйеуіммен төсектес болып па едің: Жан Ахмадиевтің әйелі Айсәуле Бақытбекке жауап берді

Қазақ эстрадасының жұлдыздары мағынасыз әндерді айтуының себебін түсіндірді

11 жасымда анам қайтыс болды: «Қазақстан аруы» қатысушысының әңгімесі елді жылатты

 

Талқылау