Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда көлік апатынан 36 адам қаза болды

Қытайдың Шэньси провинциясында ірі жол апаты болды. Жазымнан 36 адам қаза тауып, 13-і түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

ph

Олар ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілді. Жергілікті арналардың хабарлауынша, апат «Пекин-Куньмин» трассасындағы туннельде болған. Алдын ала болжам бойынша жол апатына жолаушылар автобусы ұшыраған. Ол жерасты жолына кіреберісте қабырғаға соқтығысқан. Әзірге апат себептері белгісіз. Тергеу амалдары басталды. Оны елдің қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі министрінің орынбасары бақылауына алған. Айта кетейік, автобус Чэнду қаласынан Лоянға бара жатқан.

Тағы да оқыңыз:

Кети Топурия: Қазақ әнін естігенде тұла бойым шымырлап кетті

Белгілі ақын Жаратқанға күмән келтіріп, ел алдында ішімдік ішкен Әшімовті сынап тастады

Абай Бегей Тамара Асарды қарата алмай жүргенін мойындады (фото, видео)

Талқылау